АҚШ пен Канададағы сайлау учаскелері жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилиа қалаларындағы сайлау учаскелері әлі де жұмыс істеп жатыр. Астана уақытымен сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 74 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтайды.
"Шетелдегі дауыс беру 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 08:00-де АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы жанындағы сайлау учаскесінің жабылуымен аяқталады", — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқтады. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де ел аумағындағы сайлау учаскелері жабылып, комиссиялар дауыстарды санауға кірісті.
Оқи отырыңыз: Құрылтай: ұлтты ұйыстырған ұлы дәстүрдің жаңа дәуірдегі жалғасы