Сеулдегі референдумда алғашқы қазақстандық болып кім дауыс берді

24KZ
24KZ

Ол шетелде тұратын қазақстандықтар біздің дипломатиялық өкілдіктердің күш-жігерінің арқасында референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болғанын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жергілікті уақыт таңғы 7-де Сеул қаласындағы 390-шы сайлау учаскесі ашылды. Бірінші болып халықаралық ұйым қызметкері Камила Маутова дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшіісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

«Бұл шешімнің еліміздің болашағы үшін маңызы зор, ал референдум - қоғамның барлық көзқарастарын ескеру, шешім қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету мүмкіндігі. Үкімет әркімнің пікірін тыңдауға тырысады және біз, азаматтар үшін бұл үдеріске белсенді қатысу өте маңызды», - деді Маутова.

Ол сондай-ақ шетелде тұратын көптеген қазақстандықтар біздің дипломатиялық өкілдіктердің күш-жігерінің арқасында референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болғанын айтты.

«Бұл біздің еліміздің болашағы үшін маңызды шешім қабылдаудың ұжымдық мүмкіндігі және бұл референдум экономикалық даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп ойлаймын», - деді дауыс беруші.

Оқи отырыңыз: Республикалық референдумға дауыс беру шетелде басталды

Новости партнеров