Танымал актерді көргісі келгендер бірін-бірі таптап, 36 адам көз жұмды

bbc.com
bbc.com

Қаза болғандардың сегізі – балалар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанда танымал актер әрі саясаткер Виджайдың митингінде болған қысым салдарынан кемінде 36 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Sky News жазуынша, Тамилнад штатының денсаулық сақтау министрі Ма Субраманианның мәліметінше, оқиға кезінде кемінде 40 адам зардап шеккен, олардың ішінде қаза болғандардың сегізі – балалар.

Тамиль киносының жұлдыздарының бірі саналатын Виджай 2024 жылы өз партиясы Tamilaga Vettri Kazhagam құрылғаннан бері халықпен кездесулерде қалың көпшілікті жинап келеді.

Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қысым жанкүйерлер актердің автобусына жақындамақ болған сәтте бірнеше адамның құлап қалуынан басталған. Оқиға кезінде актер халыққа су құйылған бөтелкелерді көліктің үстінен лақтырып, әлсірегендерді қолдауға тырысқан. Алайда жағдай ушығып, ол полициядан көмек сұрауға мәжбүр болған.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірді.

Тамилнадтың Карур қаласындағы саяси митингте болған апат аса өкінішті. Қаза тапқандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын. Қиын сәтте оларға күш-жігер тілеймін. Жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін, – деп жазды ол әлеуметтік желі X-тегі парақшасында.

Өз кезегінде Виджай да қаза тапқандардың туыстарына терең қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуі үшін дұға ететінін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қайтыс болған донор төрт адамның өмірін сақтап қалды

Новости партнеров