Түркияда наразылық кезінде 1000-нан астам адам ұсталды

Фото: Huseyin Aldemir/AP/picture alliancе
Фото: Huseyin Aldemir/AP/picture alliancе

Олардың арасында он фотограф пен журналист бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияда 19 наурыздан бері жалғасып жатқан наразылықтар кезінде 1 133 адам ұсталды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Али Ерлыкая мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Түркияның медиа және құқықты зерттеу қауымдастығы (MLSA) мәліметінше, ұсталғандар арасында он фотограф пен журналист бар.

Euronews хабарлауынша, DİSK Basın İş кәсіподағы кемінде сегіз корреспондент пен фотожурналистің ұсталғанын мәлімдеді.

"Журналистерді үнсіз қалдыру арқылы шындықты жасыра алмайсыңдар!" – делінген кәсіподақтың X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде. Ұйым баспасөз өкілдерін дереу босатуды талап етті.

Стамбулда барлық митингілер мен шерулерге тыйым салынғанына қарамастан, наразылықтар елдің бірнеше провинциясында жалғасып жатыр.

23 наурызда Экрем Имамоғлу Түркия президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Новости партнеров