Сондай-ақ 14 адам жараланды
Түркия астанасы Анкарада теракт болып, соның салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Али Ерликая «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Анкарадағы TUSAŞ компаниясының нысандарына жасалған террорлық шабуыл кезінде 2 лаңкестің көзі жойылды. Өкінішке қарай, теракт салдарынан 3 адам көз жұмып, 14 адам жараланды. Шәһидтерімізді Алла рақымына алсын. Жарақат алғандардың тез сауығып кетуін тілеймін. Мен бұл жантүршігерлік лаңкестікті айыптай отырып, соңғы лаңкестің көзі жойылғанша күресімізді табандылықпен жалғастырамыз», - деп жазды Али Ерликая.
Аталған оқиғаға қатысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған БРИКС саммиті аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде айтты.
«Түркияда TUSAŞ өндіріс орнында болған теракт салдарынан 3 адам қаза тауып, 14 адам жараланды», - деді Ердоған.
Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, үш лаңкес кәсіпорын аумағына жарылғыш затты өткізу пунктіне лақтырып кірген.
Қарулы лаңкестер бастапқыда адамдарды кепілге алғаны айтылды. Аймақты полиция қоршауға алды.
Оқи отырыңыз: АҚШ-та футбол соңы атысқа ұласып, үш адам қаза тапты