Тынық мұхитында бортында 3 мың көлік бар кеме суға батты

He Junhui/unsplash.com
He Junhui/unsplash.com

Кеме Аляскадан 480 шақырым жерде жүзіп бара жатқанда бортында өрт шыққаны хабарланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маусым айында 3 мыңға жуық көлікті тасымалдайтын Morning Midas жүк кемесінен өрт шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, кеме 24 маусымда суға батып кеткен. 

Кеме Аляскадан 480 шақырым жерде жүзіп бара жатқанда бортында өрт шыққаны хабарланды.

 "Экипаж өртті сөндіру үшін шаралар қабылдады, бірақ жағдайды бақылауға алу мүмкін болмады", — делінген Zodiac Maritime басқарушы компаниясының мәлімдемесінде.

АҚШ жағалау күзеті жақын маңда жүзіп келе жатқан сауда кемесіне 22 теңізшіні эвакуациялады.

Компанияның мәліметінше, оның бортында барлығы литий-ионды аккумуляторлардан қуат алатын 800-ге жуық электромобиль болғандықтан, өртті бірнеше апта бойы сөндіру мүмкін болмады. Батареялардың бұл түрлері жанған кезде көп жылу шығарады және сөнгеннен кейін де қайта жануы мүмкін.

Кеме 24 маусым күні өрт пен ауа райының қолайсыздығынан суға батып кетті. Ақпаратқа сәйкес, кеменің бортында Мексика нарығына арналған қытайлық көліктер болған.

Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Президент тапсырмасы бойынша 1,3 млрд көшет отырғызылды

 

Новости партнеров