Үндістанда автобус өртеніп, 20 жолаушы қаза тапты

15.10.2025 15:47

Сондай-ақ 16 адам ауыр жарақат алды

Times of India

Үндістанның Раджастхан штатында жолаушылар автобусы өртеніп, кемінде 20 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға кезінде сондай-ақ 16 адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Press Trust of India ақпарат агенттігі полицияға сілтеме жасап хабарлады.

«Автобуста барлығы 57 жолаушы болған. Көлік сейсенбі күні сағат 15:00 шамасында Джайсалмер қаласынан Джодхпур бағытына жолға шыққан. Алдын ала болжам бойынша, өрт қысқа тұйықталудан туындаған», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Джайсалмер - Джодхпур тасжолында автобустың артқы бөлігінен қою түтін шыға бастаған. Жүргізуші көлікті жол жиегіне тоқтатқанымен, аз ғана уақыт аралығында жалын бүкіл автобусты шарпып үлгерген.

Оқиға орнына жақын маңдағы тұрғындар мен жүргіншілер жедел жетіп, адамдарды құтқаруға кіріскен. Құтқару жұмыстарына әскерилер де тартылды.

Полицияның хабарлауынша, ауыр жарақат алған 16 адам Джодхпур қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Ал автобустағы 19 адамның оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір адамның ауруханаға барар жолда күйік жарақатынан қайтыс болғаны айтылды.

Оқи отырыңыз: Техаста ұшақ апатынан екі адам қайтыс болды