Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, тұрғын үйлердің үстіне құлады

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Желіде тараған бейнежазбалардан жерден көкке көтерілген қою түтінді көруге болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін таңертең Үндістанның Ахмедабад қаласында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

India Today басылымының мәліметінше, ұшақ Air India әуе компаниясына тиесілі болған.

«Апатқа ұшыраған Boeing 787-8 Dreamliner үлгісіндегі әуе кемесінің бортында 242 адам болған. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ Лондонға бағыт алған кезде апатқа ұшыраған», - делінген хабарламада.

Апат болған аумақтан түсірілген бейнежазбаларда жерден көкке көтерілген қою түтінді көруге болады.

Оқиға орнына кем дегенде оннан астам жедел жәрдем көлігі келіп жеткен. Кейбір жедел жәрдем көліктері жараланғандарды ауруханаға жеткізді. Полиция қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жол қозғалысын шектеді.

Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі апаттың нақты себептерін анықтауға кірісті.  

News18 телеарнасының хабарлауынша, соңғы мәліметтерде қаза тапқандар саны 130-ға жеткені айтылады.

«Ұшақ бортында 169 үндістандық, 53 британдық азамат, 7 португал және бір канадалық жолаушы болған», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: БҚО-дағы 5 баланың өлімі: ТЖМ қандай тың ақпарат айтты

 

Новости партнеров