Елімізде төтенше жағдай кезінде құтқарушыларға өтемақы төленеді

Сенат депутаттары тиісті заң жобасын мақұлдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде төтенше жағдай кезінде құтқарушыларға үш еселенген өтемақы берілетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нақтырақ айтқанда, әскери немесе терроризмге қарсы операцияларға қатысқан, сондай-ақ қауіпті деп танылған аумақта апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізген қызметкерлерге төлем қарастырылады. Сенат депутаттары тиісті заң жобасын мақұлдады.

Құжатта азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру туралы жазылған.

Атап айтқанда, қызметкерлер мен олардың отбасыларына баспана жалдауға жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ көтерме төлемдер төленіп, жеке мүлкін көшіруге кеткен шығындары өтелетін болады. Одан бөлек, заңда еңбек шарты бойынша жұмыс істемейтін ерікті өрт сөндірушілерге де жеңілдіктер қарастырылған.

 «Өмірден өткен жағдайда, мүгедек болып қалғанда, ауыр жарақат алып, контузияға ұшырағанда, еңбекке жарамсыздыққа әкеп соққан аурулар кезінде ең төменгі жалақы мөлшерімен бірдей төлемдер қарастырылған. Болашақта бұл шаралар ерікті өрт сөндірушілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдігін қорғауға негіз болмақ», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үйдегі өрт: бір адам көз жұмды

Новости партнеров