Бұған дейін ешкімнің аман қалмағаны туралы хабарланған болатын
Ұндістанда ұшақ апатқа ұшыраған жерден тірі қалған тағы бір адам табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы үндістандық ANI агенттігі хабарлады.
"Жергілікті полиция қызметкерлері тағы бір адамның ауруханада жатқанын мәлім етті", - делінген хабарламада.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары апаттан ешкімнің аман қалмағаны туралы жазған болатын.
Айта кетейік, Boeing 787-8 Dreamliner ұшағында барлығы 242 адам болған. Олардцың Үндістан, Ұлыбритания, Португалия және Канада азаматтары болғаны айтылды.
Ұшақ тұрғын үйлердің үстіне құлаған. Полиция бұл апаттан жергілікті тұрғындар арасында да құрбандар болғанын растады. Елдің денсаулық сақтау министрі көптеген адамның қаза тапқанын айтқанымен, нақты сан әлі белгісіз.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бұл оқиғаға байланысты әлеуметтік желідежазба жариялады.
«Ахмедабадтағы қайғылы апат бәрімізді күйзелтті. Бұл — сөзбен жеткізгісіз қасірет. Осы ауыр сәтте мен апаттан зардап шеккен барлық азаматты ойлап отырмын», — деп жазды ол.
Ұшақ Лондонға бағыт алған рейс AI171 еді. Апат ұшақ әуеге көтерілген соң бірнеше минуттан соң болған.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады