АҚШ-та ұсталған үш қазақстандықтың есімдері белгілі болды

АҚШ-та ұсталған үш қазақстандықтың есімдері белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Америка Құрама Штаттарында ұсталған қазақстандық үш азаматшаның есімдері  белгілі болды. Федералдық тергеу бюросы отандастарымызды аса ірі көлемдегі қаржы алаяқтығына барды деген күдікпен қолға түсірген.

Алдын-ала ақпаратқа сенсек, Қазақстаннан 8 жыл бұрын қоныс аударған 24 жастағы Азиза Джававадзе мен 27 жастағы Диера Аширова және 1970 жылы туған Елена Құдайбергенова ауқымды қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаса керек. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен шыққан бір топ азамат «ескі көліктерді сатамыз» деп жарнама беріп, жарты ақшасын алғанда, ізін суытып отырған. Күдіктілер келтірген жалпы залал – 4 жарым миллион доллар. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар. Ведомство өкілдерінің айтуынша, қолы кісенделгендердің екеуі уақытша темірторға тоғытылса, біреуі денсаулығына байланысты бостандыққа жіберілген. Бірақ оған қаладан шығуға болмайды.

«Жақын арада бірінші сот болады. Сол сот барысында біздің азаматтарға қандай айып тағылатыны анықталады. Алдын ала ақпарат бойынша, ондай күдікпен 20 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Нью-Йорктегі қазақстандық Бас консул бұл азаматшаларға барынша консулдық, құқықтық көмектер көрсетуде», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек СМАДИЯРОВ.

Құрама Штаттардың құзырлы органдары таратқан мәліметте арнайы операцияда 25 адамның тұтқындалғаны келтірілген. Олардың арасында біздің еліміздің өкілдерінен өзге, Ресей Федерациясы, Түркия, Әзірбайжан, Украина, Грузия азаматтары, сондай-ақ, жергілікті тұрғындар да бар.



Новости партнеров