Сонымен қатар тағы 5 адам із-түзсіз жоғалып, 60 тұрғын жарақат алған
Орталық Вьетнамдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Xinhua агенттігінің хабарлауынша, 2 қарашада Вьетнамның апат салдарын жою және су бөгеттерін басқару басқармасы орталық аймақтарда болған нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 35 адамға жеткенін хабарлады.
Сонымен қатар тағы 5 адам із-түзсіз жоғалып, 60 тұрғын жарақат алған.
Қазіргі таңда 16,5 мыңнан астам үй су астында қалып, 361 үйге зақым келген.
Есепке сәйкес, су тасқыны салдарынан 5300 гектардан астам күріш және өзге де егістік алқаптарын, шамамен 800 гектар жеміс ағаштарын су астында қалған. Сондай-ақ 42 мыңнан астам мал мен құс қырылған немесе жоғалған.
Көптеген зардап шеккен өңірлерде электр қуаты қалпына келтірілгенімен, шамамен 75 мың үй шаруашылығы әлі де жарықсыз отыр.
Вьетнам үкіметі орталық өңірлерді қалпына келтіруге қолдау көрсету мақсатында 450 млрд вьетнам донгі (шамамен 17,9 млн АҚШ доллары) көлемінде шұғыл көмек қорын құруды мақұлдады. Қаржы Хюэ, Дананг, Куангчи және Куангнгай қалалары мен провинцияларына бөлінбек.
Оқи отырыңыз: Мексикада дүкеннен өрт шығып, 22 адам қаза тапты