Қаза тапқандар арасында екі бала бар
Дағыстан астанасы Махачкала маңында жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болып, 11 адам қаза тапты. Қаза тапқандар арасында екі бала бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
РИА Новости агенттігінің жазуынша, соңғы мәйіт бүгін таңғы уақытта жанармай бекеті маңынан табылған.
«Қайғылы оқиғадан тағы 11 адам зардап шекті, олардың төртеуі амбулаторлық емделуге жіберілді, қалғандарының жағдайы орташа ауырлықта, олар ауруханада жатыр», - делінген хабарламада.
Жарылыстың себебі әзірге хабарланған жоқ.
Айта кетсек, жұма күні жанармай бекетінде жарылыс салдарынан 500 шаршы аумақта өрт болып, ғимарат қирап, екі жеңіл көлік пен жүк көлігі зақымдалды.
Қазіргі кезде аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Дағыстан басшысы Сергей Меликов 28 қыркүйекті қаза тапқандарды аза тұту күні деп жариялады.
Оқи отырыңыз: Автобус өзенге құлап, отызға жуық адам қаза тапты