|
21.04.2022 | 09:53
3463

Қазақстанда иммундау апталығы өтеді

Оның мақсаты – әр адамның ұзақ және салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге септігін тигізетін вакциналарға тең және кеңінен қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту

Қазақстанда иммундау апталығы өтеді Almaty.tv

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Санитарлық–эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы 2022 жылғы 24 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін Еуропалық иммундау апталығының жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы Еуропалық иммундау апталығының (ЕИА) тақырыбы– «Барлығына ұзақ өмір».

Аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңызы туралы хабардарлықты арттыру мақсатында жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын (ЕИА) өткізеді.

EИА мақсаты – ата-аналар мен тәрбиешілер, денсаулық сақтау мамандары, саясаткерлер мен шешім қабылдайтын адамдар және БАҚ арасында иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру арқылы вакцинациямен қамтуды арттыру болып табылады.

Осы аптада жоспарлы вакцинациялаудыың өмір бойына денсаулық пен салауаттылықты сақтауға қосқан үлесі атап өтіледі және де COVID-19-ға қарсы вакцинациялау пандемияның шектеулерін жоюға көмектесетін өмірлік маңызды құрал ретінде атап өтіледі.

Оның мақсаты – әр адамның ұзақ және салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге септігін тигізетін вакциналарға тең және кеңінен қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту.

• Вакциналардың құндылығы дозамен емес, салауатты және ұзақ өмір сүрумен өлшенеді.

• Вакциналар бәрімізге бақытты өмір сүруге мүмкіндік пен үміт береді. Бұл үшін бәріміз күресуіміз керек.

• Вакциналар барлық уақыттағы ең тиімді ғылыми өнертабыстардың бірі болып табылады; олар ұрпақты көптеген жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі.

• Қызылша, диарея мен пневмонияның кейбір себептері сияқты бір кездері жиі кездесетін аурулардың алдын алуға арналған вакциналар бүкіл әлем бойынша балалардың ұзақ және толық өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Барлық адамдар, қай жерде болса да, өздеріне қажет және лайықты вакциналарға тегін қол жеткізе алуы керек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Прямой эфир