Елімізде 7 259 649 адам вакцина алды

18.09.2021 в 14:59

Екпенің 2-компонентін салдырғандар саны - 6 108 540

© iStock

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтар туралы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

17 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 259 649 адам алған. Ал, екпенің 2-компонентін салдырғандар саны - 6 108 540.