Алматыда барлығы 176 мыңнан аса адам вакцинацияланды

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Бүгінгі таңда 205 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1 827 медицина қызметкерлері жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдың 24 сәуір  күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 682 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 611-і симптомдық белгілері бар және  71симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарам мәліметінше, бір тәулік ішінде  – 303 науқас қабылданды, барлық стационардан 187 науқас шығарылды. Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 871 адам (108 бала).

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы –  254.

ӨЖЖ – 31, инвазивті емес ӨЖЖ – 92, High flow-да 80 аппарат жұмыс істейді.

5 985 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 338 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 647 симптомсыз.

Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  6 415 адам вакцинация алды.

01.02.2021-24.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы  176 533 адам вакцинацияланды.

Бүгінгі таңда  205 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1 827 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.




Новости партнеров