2021 жылғы 22 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 21 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясы жұқтырған 498 адам анықталды (жергілікті), оның 470-і симптомдық белгі бар және 28-і симптомсыз ауырғандар.
Барлық емделіп шығарылғандар – 288, келіп түскені – 222.
Инфекциялық стационарларда (5 230 төсек-орын) жалпы саны 2 337 адам (оның ішінде 111 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар – 269.
ӨЖЖ – 43, инвазивті емес ӨЖЖ – 103, High flow-да 68 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 5 078 науқас бар. Олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 4938, симптомсыз 140 адам бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін 2417 адам, 2-компонетін 3906 адам алды.
Биылғы 1 ақпан мен 21 қыркүйек аралығында қала бойынша КВИ вакцинасының 1-компонентін 933 678 адам, 2-компонентін 827 239 адам алған.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 117 036.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.