Екпе салу жасөспірімдердің үлкен жас санатынан, яғни 16-17 жастағы жасөспірімдерден басталады. Кейіннен басқа жас тобындағы, яғни 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер тартылатын болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинацияны емханаларда жеке тәртіппен жүргізуге жол беріледі.
Ұйымдарда вакцинациялаудың мынадай артықшылықтары бар:
- салауатты орта (КВИ-ді қоса алғанда, респираторлық инфекция симптомдары бар ықтимал науқастармен қарым-қатынасты болдырмау);
- оқушылардың медициналық араласу фактісін психоэмоционалдық қабылдауы олардың таныс ортада жеңілдейді;
- өз баласын емханада вакцинациялауға әкелу үшін ата-аналарға жұмысқа бармаудың қажеті жоқ; бұл ретте қалауы бойынша ата-аналар жасөспірімді мектепте вакцинациялау кезінде қатыса алады;
- аш қарынға вакцинация жүргізбеу үшін жасөспірімдерді алдын ала тамақтандыру мүмкіндігі;
- психологтың болуын және мектеп оқушылары үшін таныс ортада онымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мүмкіндігі;
- оқу орындарының педагогтары мен медицина қызметкерлері өз мектептерінің балаларын жақсы біледі, олардың болуы жасөспірімдердің психоэмоционалдық жағдайына жақсы әсер етеді.
2. Ата-ана баласын вакцинациялау кезінде қатыса алады ма? Келісімнің бар-жоғы қалай тексеріледі?
КВИ-ге қарсы егуді қоса алғанда, кез келген профилактикалық егу ата-аналардың вакцинацияға берген ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.
Вакцинациялауға жататын жасөспірімдердің тізімін жоспарлау және жасау процесінде ақпараттандырылған келісім алдын ала жиналады. Осыған байланысты, вакцинациялауға ата-анасы қол қойған келісімі бар балалар ғана алдын ала жасалған тізім бойынша шақырылады.
Емханада да, мектепте де ата-аналар қалауы бойынша балаларын вакцинациялау кезінде қатыса алады.
3. Пфайзер вакцинасы қаншалықты қауіпсіз? Оның сертификаттары, жарияланымдары бар ма?
«Пфайзер» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасы Қазақстан Республикасында уақытша мемлекеттік тіркелген.
Кепілдік берілген сападағы препараттармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар үшін өндірісі ДДҰ-ның біліктілігін алған вакциналар сатып алынады, яғни елімізде осы ұйымның сапа мен тиімділікке қойылатын барлық қажетті талаптарына жауап беретін вакциналар пайдаланылады.
«Комирнати» вакцинасы төтенше жағдайларда қолдану үшін ұсынылған ДДҰ-ның тізіміне енгізілген.
ДДҰ-ның аралық деректеріне сәйкес 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің қатысуымен клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі осы жас тобы үшін осы вакцинаның жоғары тиімділігін және қауіпсіздігін көрсетті, бұл алдыңғы жас көрсеткіштерінің 16 жастан бастап және одан үлкен, 12 жасқа дейін және одан үлкен жасқа кеңеюіне алып келді.
4. Балада қандай асқынулар болуы мүмкін?
Өндіруші ұсынған ақпаратқа сәйкес кейбір егілушілерде «Комирнати» вакцинасы мынадай күтілетін реакцияларды тудыруы мүмкін:
1) жиі (10%-ға дейін): инъекция орнының ауыруы, ісінуі, шаршағыштық, бастың және бұлшықеттің ауыруы, буындардың ауыруы, қалтырау, диарея, қызба, инъекция орнының қызаруы, жүрек айну, құсу;
2) сирек (1%-ға дейін): лимфа түйіндерінің ұлғаюы, дімкәстік, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнының қышуы;
3) сирек (0,1%-ға дейін): бөртпе, есекжем сияқты аллергиялық реакциялар;
5. Вакцинациядан кейін баланы қалай бақылайды?
КВИ-ге қарсы «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасын енгізгеннен кейін медициналық бақылау вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы 30 минутта жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау жүргізуге арналған үй-жайда физикалық қашықтықты сақтау ескерілетін болады.
Кейіннен медициналық бақылау келесі 3 күн бойы егілген жасөспірімдердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қоңырау шалу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау мектепте де, тіркелген жері бойынша медициналық ұйым тарапынан да жүргізіледі.
6. Балаларға жасалған БЦЖ вакцинасы коронавирустан қорғайды ма? Мүмкін осыған байланысты Пфайзерді (Файзерді) қабылдаудың қажеті жоқ шығар?
БЦЖ вакцинасы туберкулездің арнайы профилактикасы үшін қолданылады және бұл вакцина туберкулездің ауыр түрлерінен (милиарлы диссеминацияланған туберкулез, туберкулезді менингит) қорғайды.
Әлемдік практикада вакцинацияның КВИ-ден қорғауға әсерінің болуы туралы ғылыми негізделген дәлел жоқ.
Осыған байланысты, туберкулезге қарсы вакцинация коронавирустық инфекциядан қорғай алмайды. КВИ-ден қорғау мақсатында осы инфекцияға қарсы вакцинация ұсынылады.
Әлемдік деңгейде жасөспірімдерге «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасы ұсынылады, сондықтан жасөспірімдерге бұл вакцина КВИ-ден спецификалық қорғау үшін ұсынылады
7. Егер баланың иммунитеті жеткілікті болса, вакцинация жасау керек пе?
КВИ-ге қарсы вакцина егілген адамға коронавирустық инфекциядан қорғайтын арнайы иммунитет береді.
Өкінішке орай, табиғи арнайы емес иммунитет әрдайым инфекцияларға қарсы тұра алмайды, нәтижесінде егілмеген адамдар ауру жұқтырған кезде сырқаттанудың және асқынулардың пайда болу қаупі жоғары болады.
Инфекциядан кейінгі және вакцинациядан кейінгі асқынулардың жиілігі салыстыруға келмейді.
Мәселен, коронавирустық инфекциямен ауырған кезде шамамен 15% жағдайда ауру оттегі терапиясын қолдану қажеттілігімен өтеді, тағы 5%-ында пациенттердің жағдайы критикалық болып табылады. Ықтималдығы жоғары аурудың ауыр түрлері егде жастағы адамдарда және демікпемен, диабетпен және жүрек ауруларымен ауыратын пациенттерде дамуы мүмкін.
КВИ-ге қарсы иммундаудан кейін ауыр қолайсыз көріністердің тіркелуі іс жүзінде нөлдік деңгейде. Басқа елдерде тіркеліп жатқан вакциналардың енгізілуіне күтілетін реакциялар ауыр реакцияларға жатпайды, жиілігі жол берілетін көрсеткіштер шектерінде.
8. Вакциналар табиғи иммунитетті төмендете ме?
Вакциналар табиғи иммунитетті төмендетпейді. Вакцинацияның туа біткен иммунитетке әсерін дәлелдейтін бірде-бір зерттеу жоқ.
Егер «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасымен егу туа біткен иммунитетті әлсірететіні туралы нидерландтық зерттеуге қатысты айтатын болсақ, онда бұл шындыққа жатпайды. Бұл зерттеудің қорытындысы дұрыс түсіндірілмеген. Осыған байланысты, зерттеу жүргізген ғалымдарға «кейбір адамдар бұл жұмыстың нәтижелерін мүлдем басқа бағытта түсіндіреді» деп айтылды. Зерттеудің мәні иммундық жүйенің молекулалық деңгейде қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін және туа біткен иммунитетті «жаттықтыруға» болатындығын көрсету.
9. Вакцина иммундық жүйені ауырлатпайды ма?
Адамның иммундық жүйесі күн сайын көптеген антигендермен кездеседі және олармен күреседі және қорғауды қамтамасыз етеді. Вакцина дозасындағы антигендер организмді ешқандай жолмен ауырлата алмайды және КВИ-ге қарсы арнайы иммундық қорғанышты өндіруге бағытталған.
10. Вакцинаны инъекция арқылы емес, ауыз арқылы алуға бола ма?
Жоқ. Өндірушінің нұсқаулығына сәйкес «Комирнати» вакцинасы («Пфайзер» компаниясы) бұлшықет ішіне енгізіледі.
11. Баланың өзіне вакцина салынған аурумен ауырып қалуы мүмкін екендігі рас па?
Біздің елде пайдаланылатын КВИ-ге қарсы вакцинаның құрамында бүтін тірі вирус жоқ, сондықтан енгізілген вакцина КВИ-мен сырқаттануды тудыруы мүмкін емес. Вакцинада антиденелер пайда болатын коронавирустың бір ғана бөлігі бар. Кейіннен инфекция жұқтырған жағдайда, бұл антиденелер вакцинадағы осы бөлшек арқылы бүкіл табиғи вирусты танып, оны жояды.
Осыған байланысты КВИ-ге қарсы вакцинацияланған адам вакцинадан инфекция жұқтыруы мүмкін емес және КВИ-ге қарсы вакцина алғандықтан айналасындағыларға жұқпалы болуы мүмкін емес.
12. Пфайзер вакцинасы қатерлі ісікке немесе диабетке әкелуі мүмкін бе? Вакцина аутизмді тудырады ма?
«Комирнати» вакцинасы («Пфайзер» компаниясы) қатерлі ісікке, диабетке және аутизмге әкелмейді.
Сонымен қатар вакцинация жоғарыда көрсетілгендерді қоса, созылмалы аурулары бар адамдар үшін қажет. Бұл ретте, вакцинация аурудың өршуінен тыс кезеңде жүргізіледі.
Кейбір егілетін адамдарда вакцина тек мынадай күтілетін реакцияларды тудыруы мүмкін: инъекция орнының ауыруы, ісінуі, шаршағыштық, бастың ауыруы, бұлшықеттің ауыруы, буынның ауыруы, қалтырау, диарея, қызба; инъекция орнының қызаруы, жүрек айнуы, құсу және т. б.
13. Вакциналарда қоспалар бар ма? Оларда консерванттар бар ма?
«Комирнати» вакцинасына («Пфайзер» компаниясы) арналған нұсқаулыққа сәйкес 1 дозада (0,3 мл) мРНҚ негізіндегі (липидті нанобөлшектерге инкапсуланған) COVID-19-ға қарсы 30 мкг бар.
Сонымен қатар қосымша заттар (кремдерде, сусабындарда кездесетін полиэтиленгликоль, бірақ едәуір үлкен көлемде, сондай-ақ сахароза, натрий хлориді, калий хлориді және басқалары) бар. Вакцинаның құрамында бір дозаға кемінде 1 ммоль калий (39 мг) және натрий (23 мг) бар, яғни олардың құрамы шамалы ғана.
Вакциналарда организмде бедеулік немесе мутациялық процестер сияқты ұзақ мерзімді жағымсыз салдарларға әкелетін компоненттер жоқ.
Вакциналардағы кез келген заттар халықаралық нормативтерге сәйкес организм үшін қауіпсіз концентрацияларда болады.
14. Мен балаға Пфайзер емес, басқа вакцинаны салдыра аламын ба?
Бүгінгі таңда біздің елімізде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау ДДҰ мақұлдаған және 12 жастан асқан жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакцинациялауға ұсынылған жалғыз вакцина болып табылатын «Комирнати» вакцинасымен («Пфайзер» компаниясы) жүзеге асырылады.
Республикада көрсетілген контингенттерге вакцинация жүргізу 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау ұсынылған басқа елдердің (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израиль және Бельгия, Үндістан, БАӘ) тәжірибесіне негізделген.
15. Шағыммен қайда жүгінуге болады?
КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу мәселелеріне қатысты шағыммен вакцинация жүргізген медициналық ұйымға немесе тиісті аумақтың денсаулық сақтау басқармасына жүгінуге болады.
Бұдан басқа кез келген вакцинаның нұсқаулығында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымдардың мекенжайы көрсетілген, оларға қолайсыз реакциялар туралы хабарлауға болады.
16. Бірқатар елдер балаларды вакцинациялаудан бас тартты. Неге біз оны жасаймыз?
ДДҰ 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасымен вакцинациялауды ұсынады.
Бүгінгі таңда Израиль, Франция, Италия, Испания, Германия, Бразилия, Қытай, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ, Аргентина және т. б. сияқты көптеген дамыған елдердің билігі осы вакцинамен балаларды КВИ-ге қарсы вакцинациялау науқанын бастады.
17. Баланы вакцинациялаудан қалай бас тарта аламын? Қанша ата-ана балаларын вакцинациялаудан бас тартты?
Профилактикалық егуді жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаған кезде фельдшер азаматтарға, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдеріне егу жүргізуге ақпараттандырылған келісім нысанын ұсынады.
Профилактикалық егулерді жүргізуге ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.
18. Ата-аналардың баланы вакцинациялаудан бас тартуы неге әкеледі?
Баланы егуден бас тарта отырып, ата-ана өз баласын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында және «ҚР-дағы бала құқықтары туралы» заңда айқындалған, Қазақстан Республикасының Конституциясында (29-бап) кепілдік берілген денсаулықты қорғау құқығынан айырады және оны вакцинамен басқарылатын инфекциялармен ауыру тәуекеліне ұшыратады, балаларда КВИ ауруының қаупін және өткерген КВИ-ден кейінгі асқынулардың (Кавасаки синдромы) даму қаупін едәуір арттырады.
19. Мектептерден басқа қай жерде вакцинациялауға болады? Емханалар тізімі:
12 жастан асқан жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі, сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша емханада вакцинациялауды жеке тәртіппен жүргізуге жол беріледі.
20. Жолдама алу керек пе?
Жолдама алу міндетті емес. Вакцинацияға «Egov» порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның телефоны арқылы жазылуға болады.
Алайда, жасөспірімдерді вакцинациялау медқызметкер ақпараттандырылған келісімнің қол қойылған нысанын алғаннан кейін ғана жүргізіледі.
21. Балалардың вакцинация паспортын қайдан жүктеп алуға болады? Қағаз нұсқасын қалай алуға болады?
Вакцинациядан кейін жасөспірімдерде де вакцинация паспорты жасалады.
Электрондық вакцинация паспортын «eGov mobile» мобильдік қосымшасынан жүктеуге болады. QR-коды бар қағаз тасығыштағы КВИ-ге қарсы вакцинация туралы анықтаманы тұрғылықты жеріңіз бойынша медициналық ұйымнан ала аласыз.
22. Вакцинация алдында балаларды медициналық қарап тексеру бар ма?
Профилактикалық егуді жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаған кезде фельдшер егілетін адамды медициналық қарап тексеруді жүргізеді, иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған кезде егілетін адамның медициналық құжатында егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер, екпеден бас тарту салдарлары туралы толық және объективті ақпарат береді. Профилактикалық егулер жүргізу алдында егілетін адамды медициналық тексеруді олар денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған және (немесе) аурулардың объективті белгілері болған жағдайда жүргізіледі. Егулер азаматтарға, кәмелетке толмағандардың және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне егулер жүргізуге ақпараттандырылған келісім алынғаннан кейін жүргізіледі. Профилактикалық егулерді жүргізуге ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.
23. Оқу кезеңінде вакцинация?
КВИ-ге қарсы вакцинация осы айда вакцинаның өңірге түсуіне байланысты басталады. Жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі, сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша тіркелген жері бойынша емханада жүргізілуі мүмкін. Мектептерде вакцинация жүргізу кезінде екпе алған жасөспірімдер вакцинациядан кейін 30 минут бойы медициналық бақылауда болады. Осыдан кейін егілгендер кері сабаққа орала алады, қажет болған жағдайда (әлсіздік, температураның жоғарылауы және т. б.) сабақтан босатылып, ата-аналары алдын-ала хабарландырылып, үйге жіберілуі мүмкін.
24. Жас санаты бойынша ұйымдастыру және тәртіп, алдымен 12-13 жас, содан кейін 14-15 жас немесе қалай?
Жасөспірімдерді вакцинациялау жасөспірімдердің үлкен жас санатынан, яғни 16-17 жастағы жасөспірімдерден басталады. Кейіннен басқа жас тобындағы, яғни 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер тартылатын болады.
25. 17-18 жас арасындағы жасөспірімдерге қалай жүргізіледі?
Комирнати вакцинасын («Пфайзер» компаниясы) пайдалана отырып КВИ-ге қарсы вакцинациялау 12-ден 17 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жасөспірімдерге жүргізілетін болады. Бұл ретте егер вакцинация алған кезде жасөспірімнің жасы 18 жасқа толмаған болса, онда жасөспірім Пфайзер вакцинасымен егіледі және 21-28 күн аралығымен вакцинация курсы 18 жасқа толғаннан кейін аяқталуы мүмкін.
18 жасқа толған адамдарға вакцинация ерікті негізде басқа қолда бар вакциналармен жүргізілетін болады.
26. Егер бала қандай да бір медициналық есепте тұрса, ол вакцинациялауға жатады ма?
Диспансерлік есепте тұрған жасөспірімдер емдеуші дәрігерден консультация және рұқсат алғаннан кейін КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жіберіледі. Жасөспірімде созылмалы аурулар болған кезде, ремиссия кезеңінде вакцинация жүргізіледі.
27. Баланы вакцинациялау алдында ата-аналары не істеуі керек (ЖҚТ, қысым, сатурация талдауларын тапсыру)?
Вакцинация жүргізу алдында медицина қызметкері артериялық қысымды, сатурацияны, температураны өлшей отырып, жасөспірімге медициналық қарап тексеру жүргізеді, тері жабындары мен көрінетін сілемейлі қабықтарды қарап тексереді және жалпы жай-күйін бағалайды.
Шағымдар мен клиникалық көрсетілімдер анықталған кезде жасөспірім қосымша зертханалық-аспаптық зерттеулерге жіберіледі. Көрсетілімдер бойынша салалық мамандардың консультациясына жіберілуі мүмкін.