Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 3050 адам вакцинация алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқарма мәліметінше, 01.02.2021-18.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 134 484 адам вакцинацияланды. Бүгінгі таңда 203 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1809 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.
2021 жылдың 18 сәуірде коронавирус инфекциясын 665 адам жұқтырды (жергілікті), оның 588 симптомдық белгілері бар және 77 симптомсыз.Барлық емделіп шығарылғандар – 61, келіп түскені – 222.
Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 4 014 адам (оның ішінде 110 балалар) орналасқан, ересектер аса ауыр дәрежеде – 896, ауырлығы орташа дәрежеде – 3 118.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 245 ( бос төсек-орын саны – 205).
ӨЖЖ – 22, инвазивті емес ӨЖЖ – 88, High flow-да 92 аппарат жұмыс істейді.
6 246 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 475 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 771 симптомсыз.