Екпе егу кампаниясының бастапқысында Алматы қаласы Наурызбай ауданында КВИ-ден бірінші сатылы вакцинаны бүгінгі күні 49 572 адам алды, бұл дегеніміз аудан бойынша 93,1%-ды құрайды және 34 911 адам вакцинаның екінші компонентін алған (70%), деп хабарлайды Almaty.tv
Айта кететін жай, иммундеуден ең алдымен жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдемнің, реанимацияның, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету қызметі, қабылдау бөлімшелері мен санитарлық -эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері өткен.
«Күнделікті бізде шамамен 150 адамға екпе салынады. Екпе алғандардың барлығы өздерін жақсы сезінеді - бүгінгі күнге дейін қандай да бір ақаулықтар анықталмаған.
Барлықтарыңызды ұжымдық иммунитет қалыптасып, инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында вакцина алуға шақырамыз. Вакцинаны қаладағы кез келген емханада, күнделікті сағ. 8.00-ден 20.00 аралығында алуға болады. Қазіргі таңда вакцина алғандардың кейбіреуінің коронавирус инфекциясын жұқтырған жайлар кездесуде. Дегенмен, олардың егу салудан бас тартқандарға қарағанда, ол инфекцияның ауыр салдарсыз аса жеңіл түрде ауратынын айта кеткен жөн», – деді Наурызбай ауданы аудандық медицина ұйымдарының басшысы Гүлжайнат Тілеген.
Әр азамат бекітілгеніне қарамастан қаладағы кез келген емханада вакцина ала алады. Шет ел азаматтары болса, егер шет ел азаматында тұрғылықты мекенжай ыхтиярхаты болып емханаға бекітілсе, онда оларға медициналық көмек барлық қажетті көлемінде көрсетіледі. Сондай-ақ, вакцина ала алады.
Жалпы, қала бойынша медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар және ОССО-да 212 (250-ге дейін көбейту мүмкіндігімен) вакцина салу пункті қызмет етуде. Және 1 260 адамнан құралған 308 егу жүргізу бригадасы қарастырылған.