2021 жылғы 25 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 24 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциянсын жұқтырған 119 адам тіркелді (жергілікті), оның 115-і симптомдық белгілері бар және 4-і симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 45, келіп түскені – 48.
Инфекциялық стационарларда (1 434 төсек-орын) жалпы саны 451 адам (оның ішінде 21 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 48.
ӨЖЖ – 8, инвазивті емес ӨЖЖ – 30, High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 943 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 904, симптомсыз 39 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 1 814 адам, 2-компонентті 1 637 адам вакцина алды.
01.02.2021-24.11.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 027 562 адам, 2-компонентті 963 837 адам вакцина алды.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 9 330 адам, оның ішінде 589 жүкті әйелдер, 2 176 емізулі аналар және 6 565 балалар мен жасөспірімдер егілді.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.