Алматыда 871 мың 455 адам КВИ вакцинасының 1-компонентін алды

01.09.2021 15:55

2021 жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 1 259 адам тіркелді

© iStock

2021 жылғы 1 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv

2021 жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 1 259 адам тіркелді (жергілікті), оның 1207 симптомдық белгілері бар және 52 симптомсыз.

Емделіп шыққандар – 846, келіп түскені – 425.

Инфекциялық стационарларда (8 910 төсек-орын) жалпы саны 5 095 адам (оның ішінде 125 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  414.

ӨЖЖ – 69, инвазивті емес ӨЖЖ – 174, High flow-да 182 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 10 307 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 9 950, симптомсыз 357 науқас бар.

2021 жылдың 1 қыркүйекке арналған ВАКЦИНАЦИЯ бойынша ақпарат

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты  4 169 адам, 2-компонентты 8 815  адам вакцинацияланды.

01.02.2021-31.08.2021 жыл аралығында қала бойынша  1-компонентты 871 455 адам, 2-компонентты 733 652 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 110 236 адамға жетті.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.