Соңғы тәулікте Алматы облысында 43 бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-қызметінің мәліметінше, 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2130,9 құрады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,9% - дан 0,7% - ға дейін төмендеді. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай аудандарында және Талдықорған қаласында байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ-дың 265 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,6%, оның ішінде 224 симптомдық және 41 симптомсыз жағдай.
КВИ анықталған 265 жағдайының 43-і 14 жасқа дейінгі балалар және 3-еуі студенттер арасында анықталған.
Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1-компонентінен 773 685 доза келіп түсті. Оның ішінде 598 575 доза Гам Ковид Вак, 104 100 доза Sinopharm, 43 010 доза QazVac және 28 000 доза – КоронаВак. Вакцинаның 2-компонентінен 701 310 доза алынды. Оның ішінде 526 200 доза Гам Ковид Вак, 104 100 доза Sinopharm, 43 010 доза QazVac және 28 000 доза – КоронаВак.
Бүгінгі күні облыста вакцинаның 1-компонентінен 74 362, 2-компонентінен 119 952 доза қалып отыр.
8 қыркүйекке қараған күні 699 323 (64%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 581 358 (53%) тұрғын егілді.
Жалпы 8 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 45 547 жағдай тіркелген. Оның ішінде 32 479 симптом белгілері бар.