2021 жылғы 22 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 21 қазанға күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 292 адам анықталды (жергілікті), оның 273-і – симптомдық белгілері бар және 19-ы – симптомсыз ауырғандар.
Барлық емделіп шығарылғандар – 123, келіп түскені – 136.
Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 1 201 адам (оның ішінде 34 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар – 130.
ӨЖЖ – 26, инвазивті емес ӨЖЖ – 77, High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 691 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 2 591, симптомсыз 100 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін – 1 411 адам, 2-компонетін 2 312 адам вакцинацияланды.
Биылғы 1 ақпан мен 14 қазан аралығында қала бойынша 1-компонентін – 984 678 адам, 2-компонентін 911 009 адам алды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 120 051.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.