Пәтер, Tesla көлігі, гауһар сағат: Гонконгта COVID-19 вакцинасын алған азаматтар үшін ұтыс ойыны өтеді
fotografersha.livejournal.com
Ұтыстың жалпы сомасы 14 миллион доллардан асады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Гонконгта коронавирус вакцинасын алған азаматтар үшін жалпы сомасы 14 миллион доллардан асатын ұтыс ойыны өткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі REGNUM АА-ға сілтеме жасап.
South China Morning Post газетінің хабарлауынша, вакцинаның екі дозасын алған мегаполистің азаматтары үшін құны 1,4 миллион доллар тұратын пәтер, Tesla автокөлігі және Rolex гауһар тастары бар сағат ойнатылады. Ұтыс ойындарының бастамашысы ірі бизнес иелері мен саясат өкілдері болып табылады.
Сондай-ақ, жүлделер тізімінде-iPhone смартфондары, бірнеше мың тегін әуе билеті, круиздік кемелерде саяхаттау, қонақ үйлерде тегін тұрақтау сияқты ұтыстар да бар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
29.10.2026 09:10
Адам жанына жайлы қала: Алматы қалай көркейіп келеді
29.10.2026 18:30