Алматыдағы бүгінгі эпидемиологиялық жағдай қандай

liter.kz
liter.kz
13 сәуірден бастап Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтпаев көшесі) вакциналау пункті жұмыс істей бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы бойынша 2021 жылғы 14 сәуірде 657 адамда коронавирус инфекциясы анықталыд, оның 547-сі симптомды және 110-ы симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы емдеуден шығарылғандар саны – 339, келіп түскені – 416.

Инфекциялық стационарларда жалпы (6 060 төсек-орын) нақты  3712 адам (оның ішінде, 112 бала) жатыр, ересектер саны – 767 – ауыр халде, 2 945 – ауырлықтың орташа дәрежесінде.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы саны – 235.

ӨЖЖ аппаратында – 32, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында –  84, High flow қолданыста – 84 аппарат бар.

МСАК мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 130 пациент бар, симптомдармен, ауырлықтың орташа дәрежесімен – 5 266, сомптомдарсыз – 864 адам.

Вакцинациялау барысы:

2021 жылы 14 сәуірде вакциналанған адамдар саны – 10 924.

Қала бойынша 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2021 жылғы 15 сәуір аралығында барлығы 108 069 адам вакцина алды.

Бүгінгі күні 203 пункт пен толық режимде 1809 адамнан тұратын  406 егу бригадасы жұмыс істейді.

13 сәуірден бастап Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтпаев көшесі) вакциналау пункті жұмыс істей бастады. 

Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Новости партнеров