|
13.10.2021 | 11:16
2024

Елімізде вакцина алған адамдар саны 891 040 жетті

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 523

Елімізде вакцина алған адамдар саны 891 040 жетті © iStock

2021 жылғы 13 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 12 қазанға күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 269 адам анықталды (жергілікті), оның 254-і – симптомдық белгілері бар және 15-і – симптомсыз ауырғандар.

Барлық емделіп шығарылғандар – 163, келіп түскені – 124.

Инфекциялық стационарларда (3 179 төсек-орын) жалпы саны 1 394 адам (оның ішінде 54 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар –  142.

ӨЖЖ – 28, инвазивті емес ӨЖЖ – 73, High flow-да 32 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 049 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 2 913, симптомсыз 136 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін – 1 764 адам, 2-компонетін 2 672 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 11 қазан аралығында қала бойынша  1-компонентін – 971 860 адам, 2-компонентін 891 040 адам алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 523.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир