|
02.12.2021 | 11:17
1631

Алматыда бір тәулікте 1 571 адам КВИ екпесін алды

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 304

Алматыда бір тәулікте 1 571 адам КВИ екпесін алды iStock

2021 жылғы 2 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 1 желтоқсанға күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциянсын жұқтырған 60 адам тіркелді (жергілікті), оның 58-і симптомдық белгілері бар және 2-і симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 19, келіп түскені – 23.

Инфекциялық стационарларда (1 434 төсек-орын) жалпы саны 362 адам (оның ішінде 23 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  40.

ӨЖЖ – 14, инвазивті емес ӨЖЖ – 14, High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 718 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 687, симптомсыз 31 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентті – 894 адам, 2-компонентті  677 адам вакцина алды.

01.02.2021-02.12.2021 жыл аралығында қала бойынша  1-компонентті – 1 033 703 адам, 2-компонентті 967 439 адам вакцина алды.

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 122 304.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 14 568 адам, оның ішінде 880 жүкті әйелдер,  3 036 емізулі аналар және 10 652 балалар мен жасөспірімдер егілді.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 756 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир