2021 жылғы 19 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 19 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясы жұқтырған 506 адам анықталды (жергілікті), оның 480-і симптомдық белгі бар және 26-ы симптомсыз ауырғандар.
Барлық емделіп шығарылғандар – 65, келіп түскені – 162.
Инфекциялық стационарларда (5 230 төсек-орын) жалпы саны 2 775 адам (оның ішінде 109 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар – 266.
ӨЖЖ – 43, инвазивті емес ӨЖЖ – 116, High flow-да 87 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 5 718 науқас бар. Олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 5 572, симптомсыз 146 адам бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін 1073 адам, 2-компонетін 1 513 адам алды.
Биылғы 1 ақпан мен 19 қыркүйек аралығында қала бойынша КВИ вакцинасының 1-компонентін 928 946 адам, 2-компонентін 820 220 адам алған.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 116 677.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.