|
03.08.2021 | 11:19
2628

КВИ вакциналары өлімнен 100% және инфекциядан 90% қорғайды

Дәрігердің айтуынша, бүгінде Қазақстанда вакцинация бірнеше препараттармен жүргізіледі

КВИ вакциналары өлімнен 100% және инфекциядан 90% қорғайды Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы №36 қалалық емхананың бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Венера Тохтахунова айтты. Ол Алматы тұрғындарына ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және қалыпты өмірге оралу үшін тезірек вакциналануды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv

В. Тохтахунова Қазақстанда қолданылатын коронавирусқа қарсы вакциналарға егжей-тегжейлі тоқталды. Ол олардың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін, барлығы жоғары тиімділік көрсеткенін атап өтті.

Дәрігердің айтуынша, бүгінде Қазақстанда вакцинация бірнеше препараттармен жүргізіледі.

«Ресейлік Гам-ковид «Спутник V» - бұл векторлық вакцина, екінші компонентті 21 күннен кейін алады. Hayat-Vax – БАӘ вакцинасы. Ол сондай-ақ екі компоненттен тұрады, екінші компонент 14-28 күннен кейін, яғни кезеңі қысқалау. Қытайлық вакцина CoronaVac – екінші компонент 14-28 күннен кейін вакциналанады. QazVac отандық вакцинасы да бар – екінші кезеңі 21 күннен кейін. Айырмашылығы «Спутник V» бұл векторлық вакцина, ал қалғандары инактивацияланған, яғни олар ескі әдіс бойынша жасалған. Олардың арасында ерекше айырмашылық жоқ және олардың әрқайсысы КВИ-дан қорғайды және өлім жағдайынан 100% және инфекциядан 90% қорғайды», деді В. Тохтахунова.

Дәрігер вакциналанған адам жұқтырса да, ол коронавирусты жеңіл немесе симптомсыз түрде өткізетінін баса айтты.

Еске салсақ, Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты «қоңыр қызыл» аймақ енді. 2 тамызда қалада коронавирустық инфекцияның 1 540 жағдайы (жергілікті) тіркелді, оның ішінде 1 440 симптомды, 136 симптомсыз. Барлығы 4 930 адам (240 бала) физикалық түрде инфекциялық стационарларда жатыр (7045 орын).

2021 жылдың 1 ақпанынан 1 тамызына дейінгі кезеңде барлығы 725 575 адам вакцинаның 1-ші компонентін алды. Өткен тәулікте 4 971 адамға екпе жасалды. 60 жастан асқан вакциналанғандардың жалпы саны 99 587 адам.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО-ларында 167 екпе пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмыс жұмылдырылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир