|
16.09.2021 | 11:30
3799

Алматыда бір тәулікте 6481 адам КВИ екпесін алды

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны 115 920

Алматыда бір тәулікте 6481 адам КВИ екпесін алды regnum.ru

2021 жылғы 16 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 15 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясы жұқтырған  704 адам анықталды (жергілікті), оның 675 симптомдық белгі бар және 29 симптомсыз.

Барлық емделіп шығарылғандар – 368, келіп түскені – 264.

Инфекциялық стационарларда (5 230 төсек-орын) жалпы саны 2 767 адам (оның ішінде 77 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  277.

ӨЖЖ – 56, инвазивті емес ӨЖЖ – 123, High flow-да 79 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 6 409 науқас бар. Олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 6 008, симптомсыз 163.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының  1-компонентін  3 033 адам, 2-компонетін 3 448  адам алды.

01.02.2021-14.09.2021 жыл аралығында қала бойынша КВИ вауцинасының 1-компонентін 919 907 адам, 2-компонентты 807 786 адам алған.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны 115 920.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир