2022 жылғы 21 қаңтарға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 20 қаңтар күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 2 057 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 1 886-ы симптомдық белгілері бар және 191-і симптомсыз.
Емделіп шыққандар – 141, келіп түскені – 253.
Инфекциялық стационарларда (3 310 төсек-орын) жалпы саны 1 350 адам (оның ішінде 187 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 71.
ӨЖЖ – 12, инвазивті емес ӨЖЖ – 25, High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 10 185 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 9644, симптомсыз 541 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 2 218 адам, 2-компонентті – 1 978 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-18.01.2022 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 095 040 адам, 2-компонентті – 1 042 772 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 885.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 35 909 адам, оның ішінде 1 953 жүкті әйелдер, 7 652 емізулі аналар және 26 304 балалар мен жасөспірімдер вакцина алды.
104 916 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, базарларда және 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 522 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.