Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Bharat Biotech компаниясының үнділік Covaxin коронавирус вакцинасын қолдануға рұқсат берді. Вакцинаны 18 жастан асқан адамдар ғана пайдалана алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
"ДДСҰ Bharat Biotech Covaxin вакцинасына рұқсат берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және дүние жүзінің сарапшыларынан құралған техникалық консультативтік топ вакцинаның COVID-19-дан қорғау стандарттарына сәйкес келетінін және оның пайдасы туралы шешім қабылдады. Вакцинаны бүкіл әлемде қолдануға болады", – деп жазды ДДСҰ Twitter-де.
Вакцинаның клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінен өткені белгілі болды. Үшінші кезең сәтті өтіп, Bharat Biotech вакцинасы COVID-19-ға қарсы 77,8 пайыз тиімділік көрсеткен.
16 елде тіркеліп, 50 елде мақұлданған вакцинаның жыл сайынғы өндірістік қуаты 1 миллиард дозаға жетуді жоспарлайды.