2021 жылғы 17 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Емделіп шығарылғандар – 139, келіп түскені – 61.
Инфекциялық стационарларда (1 774 төсек-орын) жалпы саны 664 адам (оның ішінде 16 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 77.
ӨЖЖ – 14, инвазивті емес ӨЖЖ – 38, High flow-да 17 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 227 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 163, симптомсыз 64 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 2 202 адам, 2-компонетті – 1 814 адам вакцина алды.
01.02.2021-16.11.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 013 983 адам, 2-компонентті 953 075 адам вакцина алды.
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 676.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.