Алматылық 867 мың 286 тұрғын КВИ вакцинасының 1-компонентін алды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
2021 жылдың 30 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 309 науқас тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 31 тамызға арналған вакцинация және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv

2021 жылдың 30 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 309 науқас тіркелді (жергілікті), оның 1241 симптомдық белгілері бар және 68 симптомсыз.

Емделіп шыққандар – 444, келіп түскені – 378.

Инфекциялық стационарларда (8 910 төсек-орын) жалпы саны 5 551 адам (оның ішінде 142 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  462.

ӨЖЖ – 69, инвазивті емес ӨЖЖ – 197, High flow-да 201 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 11 157 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 10 759, симптомсыз 398 науқас бар.

2021 жылдың 31 тамызға арналған ВАКЦИНАЦИЯ бойынша ақпарат

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентты  2 050 адам, 2-компонентты 3 832  адам вакцинацияланды.

01.02.2021-30.08.2021 жыл аралығында қала бойынша  1-компонентты 867 286 адам, 2-компонентты 724 837 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 110 236 адамға жетті.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров