Алматыда бір тәулікте 3 430 адам КВИ екпесін алды

putpobedy.ru
putpobedy.ru
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 502
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылғы 14 қаңтарға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 13 қаңтар күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 1 115 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 986-ы симптомдық белгілері бар және 129-ы симптомсыз.

Емделіп шыққандар – 37, келіп түскені – 193.

Инфекциялық стационарларда (1 348 төсек-орын) жалпы саны 739 адам (оның ішінде 113 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  39.

ӨЖЖ – 10, инвазивті емес ӨЖЖ – 12, High flow-да 10 аппарат жұмыс істейді.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 765 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 594, симптомсыз 171 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 1 316 адам, 2-компонентті – 2 114 адам вакцинацияланды.

01.02.2021-11.01.2022 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 083 684 адам, 2-компонентті – 1 030 820 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 502.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 32 427 адам, оның ішінде 1 810 жүкті әйелдер, 6 605 емізулі аналар және 24 012 балалар мен жасөспірімдер вакцина алды.

76 314 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, базарларда және 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 522 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров