Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 290
2021 жылғы 11 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 10 қазанға күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 326 адам анықталды (жергілікті), оның 315-і – симптомдық белгілері бар және 11-і – симптомсыз ауырғандар.
Барлық емделіп шығарылғандар – 25, келіп түскені – 99.
Инфекциялық стационарларда (3 179 төсек-орын) жалпы саны 1 565 адам (оның ішінде 61 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар – 150.
ӨЖЖ – 29, инвазивті емес ӨЖЖ – 79, High flow-да 28 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 297 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 3 167, симптомсыз 130 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін – 814 адам, 2-компонетін 941 адам вакцинацияланды.
Биылғы 1 ақпан мен 10 қазан аралығында қала бойынша 1-компонентін – 968 197 адам, 2-компонентін 885 360 адам алды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 290.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.