2021 жылдың 27 сәуір күнгі ақпарат бойынша Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 698 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 619 симптомдық белгілері бар және 79 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлық емделіп шығарылғандар – 460, келіп түскені – 398.
Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 734 адам (оның ішінде 125 балалар).
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 246.
ӨЖЖ – 38, инвазивті емес ӨЖЖ – 85, High flow-да 89 аппарат жұмыс істейді.
5 502 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 852 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 640 симптомсыз.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 5 958 адам вакцинация алды. Оның ішінде 1 700 адам QazVac вакцинасымен егілді.
01.02.2021-26.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 194 106 адам вакцинацияланды.
Бүгінгі таңда 210 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 309 вакцинация бригадасында, 1 197 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.