Алматыда 23 сәуір күні коронавирус инфекциясының 694 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 616-і симптомдық белгілері бар және 78 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бір тәулік ішінде – 419 науқас қабылданды, барлық стационардан 439 науқас шығарылды.
Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 767 адам (99 бала). Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы – 242.
ӨЖЖ – 25, инвазивті емес ӨЖЖ – 98, High flow-да 85 аппарат жұмыс істейді.
5 930 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 295 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 635 симптомсыз.
2021 жылдың 24 сәуір күні вакцинация бойынша туралы ақпарат.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 8 165 адам вакцинация алды.
01.02.2021-23.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 170 118 адам вакцинацияланды.
Бүгінгі таңда 205 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1 827 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.