2022 жылғы 24 қаңтарға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 23 қаңтар күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 1 953 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 1 832-і симптомдық белгілері бар және 121-і симптомсыз.
Емделіп шыққандар – 55, келіп түскені – 177.
Инфекциялық стационарларда (3 310 төсек-орын) жалпы саны 1 514 адам (оның ішінде 189 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 83.
ӨЖЖ – 13, инвазивті емес ӨЖЖ – 35, High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 11 561 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 10 907, симптомсыз 654 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 626 адам, 2-компонентті – 639 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-18.01.2022 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 099 187 адам, 2-компонентті – 1 045 805 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 947.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 37 757 адам, оның ішінде 2 030 жүкті әйелдер, 8 173 емізулі аналар және 27 554 балалар мен жасөспірімдер вакцина алды.
116 853 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, базарларда және 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 522 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.