Алматыда бір тәулікте 3 444 адам КВИ екпесін алды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 341
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 30 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 29 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 62 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 56 симптомдық белгілері бар және 6 симптомсыз.

Емделіп шыққандар – 7, келіп түскені – 14.

Инфекциялық стационарларда (894 төсек-орын) жалпы саны 128 адам (оның ішінде 3 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 26.

ӨЖЖ – 12, инвазивті емес ӨЖЖ – 6, High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 330 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 308, симптомсыз 22 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентті – 1 596 адам, 2-компонентті – 1 848 адам вакцинацияланды.

01.02.2021-29.12.2021 жыл аралығында қала бойынша  1-компонентті – 1 075 752 адам, 2-компонентті  1 017 326 адам вакцина алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны  123 341.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 29 744 адам, оның ішінде 1 630 жүкті әйелдер, 5 942 емізулі аналар және 22 172 балалар мен жасөспірімдер егілді.

63 538 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 762 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров