Алматы бойынша 11 мамырға арналған вакцинация және COVID-19-дың таралуы жөнінде ақпарат

11.05.2021 18:16

Бүгінгі таңда 214 вакцинация пункті жұмыс жасайды

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың 10 мамырдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясы 430  адамнан анықталды (жергілікті жағдай), оның 401 симптомдық белгілері бар және  29 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv.

Барлық емделіп шығарылғандар – 218, келіп түскені – 229.

Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 516 адам (оның ішінде 108 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  231.

ӨЖЖ – 33, инвазивті емес ӨЖЖ – 67, High flow-да 91 аппарат жұмыс істейді.  

4 274 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 3 722  науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 552 симптомсыз.

2021 жылдың 10 мамырға Вакцинация бойынша ақпарат.  

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1 772 адам вакцинация алды.

01.02.2021-10.05.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы  252 431 адам вакцинацияланды. Вакцинацияның жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 30 357 адамды құрайды. Жалпы дозадан қазақстандық QazVac вакцинасы 3 000 данасын құрайды, яғни, 15 күннің ішінде 2 967 адам вакцина алды. 3 мамырда  қытайлық Sinopharm вакцинасы 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті бойынша 1 048 адамға вакцина егілді.

Енді қазақстандықтарда үш препараттың ішінен КВИ-ға қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда  214 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 315 вакцинация бригадасында, 1 282 медицина қызметкерлері жұмылдырылған көшпелі мобильді бригадалар.