|
15.09.2021 | 12:50
3558

Алматыда бір тәулікте 6848 адам КВИ екпесін алды

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны 115 498 адамды құрайды

Алматыда бір тәулікте 6848 адам КВИ екпесін алды gov.kz

2021 жылғы 15 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 15 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясы жұқтырған  612 адам анықталды (жергілікті), оның 593 симптомдық белгі бар және 19 симптомсыз.

Барлық емделіп шығарылғандар – 387, келіп түскені – 220.

Инфекциялық стационарларда (5 230 төсек-орын) жалпы саны 2 891 адам (оның ішінде 76 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  283.

ӨЖЖ – 50, инвазивті емес ӨЖЖ – 122, High flow-да 92 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 6 409 науқас бар. Олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 6 238, симптомсыз 171.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының  1-компонентін  2 928 адам, 2-компонетін 3 920  адам алды.

01.02.2021-14.09.2021 жыл аралығында қала бойынша КВИ вауцинасының 1-компонентін 8916 874 адам, 2-компонентты 804 338 адам алған.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 115 498 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир