|
10.11.2021 | 12:54
2045

Алматыда бір тәулікте 3 498 адам КВИ екпесін алды

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 380

Алматыда бір тәулікте 3 498 адам КВИ екпесін алды Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 10 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 9 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын 134 адам жұқтырған (жергілікті), оның 130 симптомдық белгілері бар және 4 симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 112, келіп түскені – 99.

Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 793 адам (оның ішінде 20 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  86.

ӨЖЖ – 16, инвазивті емес ӨЖЖ – 45, High flow-да 20 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 506 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 442, симптомсыз 64 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  1-компонентті – 1 468 адам, 2-компонетпен 2 030 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 9 қараша аралығында қала бойынша 1-компонентті 1 004 163 адам, 2-компонентпен  943 851 адам вакцинацияланды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны  121 380.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир