Алматы қаласы бойынша коронавирус инфекциясын өткен тәулікте 693 адам жұқтырды (жергілікті), оның 600 симптомдық белгілері бар және 93симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауруханадан емделіп шығарылғандар саны – 71, келіп түскені – 257 адам.
Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 4 044 адам (оның ішінде 114 балалар).
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 267.
ӨЖЖ – 37, инвазивті емес ӨЖЖ – 90, High flow-да 95 аппарат жұмыс істейді.
5 911 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 250 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 661 симптомсыз.
Ал қала бойынша бір тәулік ішінде 3 918 адам вакцинация алды. 01.02.2021-25.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 180 451 адам вакцинацияланды.
Бүгінгі таңда 209 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 303 вакцинация бригадасында 1 201 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.
2021 жылдың 25 сәуір күні жалпы саны 6 000 доза (1 және 2 компонент бойынша) қазақстандық QazVac вакцинасының траншы алынды