Германияда вакциналау науқаны қалай өтеді

14.07.2021 18:18

Осыған дейін бірқатар саясаткер, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне вакциналауды міндеттеуді ұсынған

Фото: ашық дереккөзден

Канцлер Ангела Меркельдің мәлімдеуінше, билік тұрғындарды екпе салдыруға мәжбүрлемейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі NEGE.KZ-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін бірқатар саясаткер, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне вакциналауды міндеттеуді ұсынған. Күзде індеттің төртінші толқынын болдырмау үшін, үкімет ковидке тестілеуді арттырып, санитарлық ережелердің сақталуын мұқият қадағалайды. Ең бастысы жұрттың көбіе егуді көздеп отыр. 55 күннен кейін Германияда халықтың 70 процентін вакциналау жоспары бар. Бүгінде 46 проценті, яғни 36 миллиондай адам екі екпе салдырды.

«Жағдайдың өзгергені байқалады. Вакциналау көмектесіп жатыр. Ауруы асқынып, жансақтау бөлімінде жатқан науқастар саны азайды. Біз вакциналауды міндеттегіміз келмейді. Бірақ алдағы апталарда тұрғындарымыз арасында үгіт-насихатты арттыруды көздеп отырмыз», – деді Германия канцлері Ангела Меркель.