|
02.09.2021 | 13:21
672

Алматыда бір күнде 11470 адам вакцина салдырды

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр

Алматыда бір күнде 11470 адам вакцина салдырды

Алматы қаласында бір тәулікте 11470 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«1 қыркүйек күні 11470 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 3 710 , II компонентін 7 760 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 1 қыркүйек аралығында қалада 875 165 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 741 412 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 110 236 адамның жасы 60-тан асқан», – деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар. 

Сонымен қатар, Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті және 40 көшпелі мобильді бригада жұмыс істейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир