Халықты жаппай вакциналау КВИ пандемиясынан қорғайды – Г. Көкебаева

Almaty.tv
Almaty.tv
Жетісу ауданының әкімі қала тұрғындарын вакцина алуға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы кезінде Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева Алматы тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналануға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv

Қазіргі кезде Жетісу ауданында 8 егу пункті жұмыс істейді:

Құлагер шағын ауданы, 34а (Құлагер АМСКО);

Айнабұлақ-3 шағын ауданы, 87 үй (№11 қалалық емхана);

Көкжиек шағын ауданы, 66 үй (№21 қалалық емхана);

Сүйінбай даңғылы, 2 корпус, 8 корпус, 2 қабат («Мерей» СК);

Абылай хан даңғылы, 3 үй, 2 қабат («Алтын Тараз» СК);

Райымбек даңғылы, 239 г ғимараты, 3 қабат («Максима» СОСК);

Автомобиль жолы Солтүстік айналма, үй 3/1 («Адем 2» СО);

Есім хан к-сі, 127а (Мәдениет үйі).

Вакцинаны күн сайын 8.00-ден 20.00-ге дейін алуға болады. Дәрігерлер мен эпидемиологтардың айтуынша, вакцина қауіпті инфекциялардан жақсы қорғайды.

Г. Көкебаева Жетісу ауданының 43 767 тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алғанын атап өтті.

«Жаппай вакциналану ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі. Дертті бақылауға алып, алматылықтар пандемиямен ойдағыдай күресуге өз үлестерін қоса алады. Бүгінде вакциналану – әрбір азаматтың өзнің және өзгелердің өмірін сақтаудағы тиімді құрал», деді аудан әкімі.

Г. Көкебаева аудан тұрғындарын адам көп шоғырланатын жерлерге бармауға, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырды. Аудан әкімі оқшаулануға жазылғандар бұл талаптарды қатаң сақтауы керек деп санайды.

«Егер бұрын аға буынға қауіп төнсе, қазір бұл штамм жастар арасында тез таралуда. Осыған байланысты мен қала тұрғындарына өтініш айтқым келеді. Екінші жыл бойы КВИ жүздеген мың адамды өлтіреді, жаһандық вакцинация – бұл пандемиядан қорғау», деді Г. Көкебаева.

Еске салсақ, Алматыда екпе пунктерінің саны ұлғайтылды, бүгінде қалада олардың саны 167. 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмылдырылған.

Новости партнеров