Алматыда КВИ індеті екі есеге өсті: мамандар тұрғындарды вакцина алуға шақырады

07.07.2021 18:29

СЭБД деректері бойынша өткен аптада КВИ дерті 1,7 есеге өсіп, соңғы тәулікте 299 КВИ жұқтырған науқас тіркелген

Almaty.tv

Алматыда КВИ індеті екі есеге өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 СЭБД деректері бойынша өткен аптада КВИ дерті 1,7 есеге өсіп, соңғы тәулікте 299 КВИ жұқтырған науқас тіркелген. Тәуліктік өсім - 0,3%.

7 шілдедегі жағдай бойынша қалада коронавирустық инфекцияның 76407 жағдайы тіркелді, оның 59660-ы симптомды және 16747-сі симптомсыз, анықталмаған пневмония - 2013. 6 шілдеде коронавирус инфекциясының 299 жағдайы тіркелді, оның 259-ы симптомды,  40-ы симптомсыз. Тәуліктік өсім - 0,3%. Репродуктивті саны - 1,353.

Инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-інің жағдайы өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-сі орташа ауырлық дәрежесінде. Реанимация мен интенсивті терапия бөлімдерінде 102  пациент жатыр. ӨЖЖ аппаратында - 19, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында - 34, High flow  аппаратындағылар - 22.

Бүгінде  АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауымен 2306 науқас үйде жатыр, олардың 291-і симптомсыз, 1970-і жағдайлары жеңіл және 45-і орташа ауырлық дәрежесінде.

Алматыда 7 шілдедегі жағдай бойынша вакцинаны 534 199 адам алды, оның ішінде 5 240 полиция қызметкері, 29 501 мұғалім, 34 229 дәрігер. Вакциналанғандардың жалпы санынан 60 жастан асқандар 87134 адамды құрайды (16,3%). Қаланың СЭБД егде жастағы азаматтарды белсенді түрде вакциналануға шақырады, өйткені вакцина созылмалы ауруы бар науқастардың инфекция жұқтыруларының алдын алады.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени-спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың СОСО-да  212  екпе  пункттері жұмыс жасауда. Құрамында 1260 адам бар 308 екпе бригадасы жұмылдырылған.