Ерлан Саиров: Вакцина – еліміздің құлан таза жазылып кетуінің ең басты түп қазығы

Зере Саримова
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бүкіл халық вакцина алатын болса, осы ауырға ұжымдық иммунитет пайда болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазір дүние жүзінде пандемия күнсайын  өршіп барады. Қазақстанда да осы соңғы екі айдың ішінде індет жұқтырғандардың саны күрт өсті. Коронавирустан құтылудың бір-ақ амалы – вакцина алу. Бұл туралы Саясаттанушы, ҚР Парламент мәжілісі депутаты Ерлан Саиров Almaty.tv тілшісіне пікір білдірді.

«Құрметті ағайын! Баршаңызға белгілі қазір дүние жүзінде пандемия өршіп тұр. Оның ішінде Қазақстанда да осы 2 айдың ішінде коронавирусты жұқтырған азаматтардың саны өте көп болып кетті. Қауіпті індеттен құтылудың бір-ақ амалы бар – ол вакцинация. Бүкіл халық вакцина алатын болса, осы ауырға ұжымдық иммунитет пайда болады. Сол кезде ғана біз маскадан, локдауннан сонымен бірге азаматтардың жаппай ауруынан құтылатынымыз анық», – деді Ерлан Саиров.

Сонымен қатар, Е. Саиров вакцина мәселесіне күмәнмен қараудың қажеті жоқ екенін айтып өтті.

«Вакцина – денсаулыққа ешқандай зиян емес екенін халықаралық сарапшылар, вакцина алған азамматтарымыз бен дәрігерлерімізде айтып жатыр. Менде екпе алдым. Содан бері ауырмадым. Вакцина алу ол елдің дамуының,  халқымыздың әлеуметтік тұрғыдан биік болуының,  сонымен бірге еліміздің құлан таза жазылып кетуінің ең басты түп қазығы», – деді депутат.

Новости партнеров